Депутаттар тізімі

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты

«Жергілікті өкілді орган (мәслихат) — облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіруші және Қазақстан Республикаы заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган»

«Мәслихат сессиясы — мәслихат қызметінің негізгі нысаны»

(«Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін өзі басқару туралы» ҚР Заңының 1 бабы 13 т., 9 т.)

«Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді»

(«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 20-бабы 1 т.)

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының төртінші шақырылымы 13 депутат құрамында 2007 жылдың 24 тамызы сайланды.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының бесінші шақырылымы 13 депутат құрамында 2012 жылғы 15 қаңтарда сайланды.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты алтыншы шақырылымы 13 депутат құрамында 2016 жылғы 20 наурызда сайланды

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты жетінші шақырылымы 11 депутат құрамында 2021 жылы 15 қаңтарда сайланды

Электрондық пошта: maslihatgamb@mail.ru

Жамбыл ауданы депутаттарының 2022 жылғы жұмысы туралы есеп 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға және аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес назарларыңызға аудандық мәслихат депутаттарының 2022 жылы атқарған жұмысы туралы есепті ұсынамын.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылымның үшінші Парламент сессиясында Қазақстан халқына «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» Жолдауымен сөз сөйледі. Ел басшысы жақын болашақта жүзеге асырылатын саяси реформалардың ауқымды бағдарламасы мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды жария етті.

Ел басшысы өз Жолдауында 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау өткізілетіні туралы білдірді.

Саяси реформалар биліктің заңнама тармақтарын қозғайды. Сенаттың құрылу тәртібі мен бірқатар функциялары қайта қаралды. Саяси реформалар бағдарламасы:

  • мәслихаттардың рөлін күшейту;
  • сайлау процесін жетілдіру, партиялық жүйені дамыту үшін мүмкіндіктерін кеңейту;
  • аудандық және қалалық мәслихаттарда мажоритарлы сайлау жүйесін (бір мандатты сайлау округтері) және барлық деңгейдегі облыстық мәслихаттарда аралас сайлау жүйесін (пропорционалды-мажоритарлы – 50/50) жүргізу;
  • мәслихат төрағасы лауазымын енгізу («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының он бабына «хатшы» сөзін «төраға» сөзіне ауыстырумен 2022 жылғы 5 қарашадағы №157 өзгерістер енгізілген);
  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарының экономикалық дербестігін нығайтуды көздейді.

2021 жылдың қаңтарында депутаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізімдер бойынша өтті, аудан мәслихатында саяси партиялардан 11 депутат:

«AMANAT» партиясы – 9 (82%);

Қазақстан Халық партиясы – 2 (18%).

Аудандық мәслихат депутаттарының орта жасы 45 жасты құрайды, оның ішінде 36% әйелдер және жастар.

Алғаш рет аудандық мәслихат көп партиялы болды, бірақ мәслихат депутаттарының әр түрлі партия қатарына жататындықтарына қарамастан, біз бәріміз аудан халқының әл-ауқатын жақсарту үшін бірге жұмыс жасаймыз (ерлер — 7, әйелдер — 4; ұлттық құрамы бойынша: қазақтар — 3, орыстар — 3, мордвин — 1, татарлар — 2, шешен — 1, чуваш — 1).

Білімі бойынша — 10 депуттың жоғары білімі бар (экономист — 1, инженер-механик — 1, инженер-энергетик — 1, педагогтар — 6, радиотехник — 1), 1 депутат — орта-арнаулы білімімен.

2021 жылдың қаңтарында жаңа 7 шақырылымның сайлануына байланысты мәслихат қызметінің ұйымдастыру мәселелері қаралды: тұрақты комиссиялар құрылып, мәслихаттың регламенті бекітілді.

Жыл сайын аудан депутаттары мәслихат сессиясында аудан әкімінің ауданды әлеуметтік-экономикалық дамыту қорытындылары туралы тыңдап, ауданның бюджетін бекітеді, аудандық және ауылдық округтердің бюджетін атқару туралы жылдық есепті қарастырады.

Аудан әкімінің ұсынуымен егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілетін, жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымының негізінде құрылған, әкімшілік-аумақтық бірлігін басқару схемалары бекітілген, «Ауданның құрметті тұрғыны» атақтары берілген (2010 жылдан бастап Ауданның құрметті тұрғыны — 23), сонымен қатар атқарушы органдардың жекелеген басшыларының есептері және басқа да мәселелер қаралды.

Депутаттар үнемі ауданның, облыстың, республикасның қоғамдық-саяси өміріне қатысып отырады:

Ағымдағы жылдың 25 қарашасы күні депутаттар Р.Ж.Асхабов және В.И.Волков Солтүстік Қазақстан облысы атынан делегация құрамында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мемлекет басшысы лауазымына кірісуі салтанатты рәсіміне Инаугурациясына қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысының аудан және қала әкімдерінің жүйелі кездесулері кестесіне және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу бойынша жүйелік кестеге сәйкес аудан депутаттары аудан тұрғындарымен кездесулерге белсене қатысты.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 21-3-бабына сай мәслихат депутаттарының біліктілігін көтеруден өту кезеңділігі сайланған депутаттың өкілеттігінің алғашқы екі жылы ішінде бес жылда бір ретті құрайды, ағымдағы жылдың қазан айында барлық 11 депутат «Мәслихаттардың рөлі мен потенциалын күшейту бойынша заманауи тәсілдері» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында біліктілігін көтерді. «Депутаттың әлеуметтік желілерде алға басуы» тақырыбы бойынша zoom-конференция арқылы оқудан өтті.

Өз қызметін жүйелік кестеге сәйкес іске асыратын мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруар енгізу бойынша республикалық референдумге, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын жүзеге асырудағы негізгі басымдылықтарға қатысты Конституциялық реформаларын түсіндіру бойынша, Қазақстан Республикасының Президентіне кезектен тыс сайлау өткізуге қатысты.

Мәслихат қызметінің негізгі нысаны «сессия» болып табылады, онда заңдар бойынша құзыретіне жатқызылған мәселелер шешіледі.

2022 жылы бойына 12 мәслихат сессиясы өткізілді, онда 124 шешім қабылданды, соның ішінде 10 нормативтік құқықтық актілер әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті, 64 шешім электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланды.

Қаралған сұрақтар:

  • аудан және ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау;
  • әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін анықтау және ауданның мұқтаж азаматтарының жеке санаттарының тізбесін белгілеу қағидалары;
  • аудан бойынша жер салығына базалық ставкаларды түзету туралы;
  • мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидасы мен мөлшерін белгілеу туралы;
  • жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бағалау аймақтарының шекараларын және Пресновка ауылының және ауданның ауылдық елді-мекендерінің жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы;
  • ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастықтары жиналысының регламентін бекіту туралы;
  • жайылымды басқару және оны пайдалану бойынша жоспарды бекіту туралы;
  • ауданда тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін анықтау туралы және басқалары.

2022 жылдың маусымында облыстық Тексеру комиссиясы ұсынған Жамбыл ауданының 2021 жылға бюджетті атқаруы туралы есеп бекітілді. Бюджетті сапалы атқару бойынша жұмыс бүкіл жыл бойына жүргізіледі. Ағымдағы жылы аудандық бюджет 5 рет нақтыланды, сонымен қатар ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізілді.

Сессиялық қызметтен басқа аудандық мәслихат депутаттары тұрақты комиссиялардың отырыстарын өткізеді.

Осылай, 2021 жылы мәслихаттың тұрақты комиссияларының 7 отырысы өткізілген, жалпы 63 мәселе қаралған. Ағымдағы жылы тұрақты комиссиялардың 10 отырысы өткізілген, 72 мәселе қаралған.

Мәслихат депутаттары азаматтардың жеке қабылдауын жүргізді:

жүргізілген қабылдаулардың жалпы саны – 182

оң шешілген мәселелер саны – 113

түсініктеме берілгендер – 69

Азаматтарға көтерілген мәселелерді шешу тәртібі түсіндірілді, өтініш берушілердің мәселелерін шұғыл шешу бойынша қажетті шаралар қабылданды. Проблемалы мәселелер азаматтарды жеке қабылдау барысында және аудан басшысы жүргізген тұрғындарға көшпелі хабар беру Бірыңғай күндерінде қаралды.

Өтініштердің басым бөлігі: тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету, көшені жарықтандыру, кең жолақты интернет орнату және басқалары бойынша мәселелерді қозғайды.

Ағымдағы жылы аудан депутаттары 15 ресми депутаттық сауал әзірлеп, жолдады, барлығына жауаптар алынды.

Барлық мәслихат депутаттары әлеуметтік объектілерді, тұрғын үйлерді, жолдарды салу және жөндеу сапасын бақылау бойынша, короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша шектеу іс-шараларын сақтау және басқалары бойынша аудандық мониторингтік топтардың құрамында тұрады.

Депутаттар тұрақты негізде өткізілетін қайырымдылық акцияларына және қарт адамдарды, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау бойынша іс-шараларға, қайырымдылық сенбіліктеріне қатысады.

Аудан депутаттары жалпы 8,5 миллионнан астам сомаға қайырымдылық көрсеткен.

Қоғамның белсенді ақпараттандырылуы сайлаушылармен жұмыс нысандарын кеңейтуге көмектесті.

Әлеуметтік желілер, мессенджерлер, мобильдік қосымшалар тұрғындармен кері байланыста тиімді алаңға айналды. Депутаттар үшін бұл шынайы уақытта ақпарат алудың, тапсырмалар мен нәтижелерін салыстыру нүктелерін анықтаудың маңызды көзі. Мәслихаттың сессия отырыстарына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тұрақты түрде шақырылады. Мәслихат аппаратының ресми сайтында және Фейсбук парақшаларында біз мәслихат депутаттарының жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпарат беріледі.

Тұрғындардың ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық мәслихатқа Aitubе отандық платформасы арқылы аудандық мәслихат сессияларының отырыстарын онлайн-трансляциялау ендірілген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Мәслихаттар халықтың өкілді билікке деген сенімін нығайтуға баса назар аударуы тиіс» деп атап өтті. Аудандық мәслихаттың депутаты болған соң, бізге аудан тұрғындарының, сайлаушылардың мүдделері үшін шешім қабылдау және оның іске асуына жауапты болу құқығы табысталғанын түсінеміз. 

Аудан мәслихатының хатшысы Л.Топорова 


Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының VIІ шақырылымдағы депутаттарының тiзiмi

№ р/с Депутаттың фотосы Депутаттың Т.А.Ә. Туған күні Ұлты Білімі, мамандығы Жұмыс орны, лауазымы СП және ҚБ жатады Депутат болып неше рет сайланды Мекен-жайы, телефон
1.   Лариса Викторовна Топорова 30.07.1964 орыс Жоғары, экономист-қаржыгер

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының
төрайымы

«Nur Otan» партиясының мүшесі 1 рет
(7 шақырылым)
Пресновка а.,С.Мұқанов к. 184аж.2-19-44,ү.2-21-268-777-325-63-78
2.   Олег Эрихович Адам 14.10.1971 орыс Жоғары,ауыл шаруашылығын механикаландыру, нженер-механик «Шатило и К» ЖШС директоры «Nur Otan» партиясының мүшесі 1 рет
(7 шақырылым)
Казанка а.,Школьная к.11аж.5-26-37,қабылдау 5-38-53ү. 5-28-578-777-134-98-40
3.   Қуат Қайратұлы Айтжанов 04.03.1989 қазақ Жоғары,электр энергетикасы, инженер-энергетик «Айтжанов К.К.» ЖК «Tumargroup» компаниясының директоры «Nur Otan» партиясының мүшесі 1 рет
(7 шақырылым)
Пресновка а.,С.Васильченко к. 32ж.2-15-99,ү.2-21-718-777-595-87-96
4.   Руслан Жамалайлович Асхабов 25.08.1970 шешен Жоғары,тарих пәнінің мұғалімі «Асхабов Р.Ж.» ШҚ басшысы «Nur Otan» партиясының мүшесі 2 рет
(6,7 шақырылым)
Пресноредуть а.Береговая к. 12ү. 5-33-438-701-167-57-56
5.   Владимир Ильич Волков 07.07.1968 орыс Жоғары, тарих пәні мұғалімі «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары «Nur Otan» партиясының мүшесі 3 рет
(5,6,7 шақырылым)
Новорыбинка а. ж. 2-13-32ү. 2-50-02,8-705-801-77-25
6.   Амина Анваровна Галиева 01.05.1964 татар Жоғары, бастауыш сыныптардың мұғалімі Жамбыл ауданы өнер мектебінің директоры, фортепиано оқытушысы ҚХП 1 рет
(7 шақырылым)
Пресновка а. Потанин к. 18 2 п.ж.2-21-83,ү.2-26-54,8-777-926-60-82
7.   Әлия Темірболатқызы Нұрмағамбетова 31.03.1978 қазақ Жоғары, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі «Айнгаүл» бөбекжай-бақшасы» МКҚМ меңгерушісі «Nur Otan» партиясының мүшесі 1 рет(7 шақырылым) Пресновка а.Гагарин к. 9ж.2-17-38,ү.2-10-44,8-747-169-99-65
8.   Сергей Ревьевич Савинов 20.08.1968 чуваш Арнаулы орта, техник, механик, өндірістік оқыту шебері «Савинова С.Р.» шаруа қожалығының басшысы ҚХП 1 рет
(7 шақырылым)
Пресноредуть а.Малая к. 25ү.5-33-978-775-754-44-318-747-506-98-58
9.   Равиль Сиреньевич Садыков 23.02.1975 татар Жоғары, радиотехник «Қазақтелеком» АҚ сату басқару қызметі Пресновка сату бөлімшесінің бастығы «Nur Otan» партиясының мүшесі 3 рет
(5, 6, 7 шақырылым)
Пресновка а. Пушкина тұй. көш 5ж. 2-11-20,ү.2-15-84,8-705-320-58-698-708-405-64-18
10.   Артем Витальевич Самаркин 17.08.1992 мордвин Жоғары, физика пәнінің мұғалімі «Пресноредут жалпы білім беру мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі «Nur Otan» партиясының мүшесі 1 рет
(7 шақырылым)
Пресноредуть а.Советская к. 3ж. 3-18-298-777-607-33-35
11.   Аққу Төлегенқызы Омарова 16.06.1983 қазақ Жоғары, георгафия және экология пәндерінің мұғалімі Благовещенка жалпы орта білім беру мектебі-балабақшасы» КММ директоры «Nur Otan» партиясының мүшесі 1 рет
(7 шақырылым)
Благовещенка а. Дачная к. 7а 8 п.ж. 3-18-298-777-607-23-35

Мақаланы құрған күні 04.05.2019 15:40

Мақаланы жаңартқан күні 14.02.2023 12:23

Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент